Өмір ырғағын сезіну
Қала орталығынан 10 минут жерде, Медеу ауданында орналасқан FAMILY COMFORT тұрғын үй кешенінде ырғақты өмір ағымы мен мегаполистің жылдам қозғалысынан артта қалмауға деген ұмтылыс тамаша үйлеседі. Өтпелі кіреберістері бар 7 қабатты төрт блок жолдан 300 метр қашықтықта орналасқан ағаштардың көлеңкесінің арқасында шу мен қала қозғалысынан жасырылып, жобаға «клуб үйі» атмосферасын береді.
Жоба аумағы
Кешеннің ішкі кеңістігін абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарымен тәжірибелі ландшафт дизайнерлері айналысты. Бірінші қабаттағы пәтер иелері 30 ш.м. дейінгі патио-алаңдарды пайдалана алады. Кешен тұрғындары мен қонақтарының иелігінде – жан-жақты абаттандырылған аула. Оның ішінде, демалыс және жаяу серуендеуге арналған аймақтар, балалар мен ересектерге арналған ойын және спорт қауіпсіз алаңдары (work-out аймағы).
Уақытпен қатар жүру
ТК қасбеттерінің ықшамдығы мен заманауилығы негізгі әрлеудегі пәтерлердің ұтымды үйлескен жобалануында көрініс тапқан. Қасбеттерді әрлеуде табиғи материалдар мен сәндік элементтер қолданылды, ал орталықтандырылған жылумен қатар, инженерлік желілер комфорт санатындағы тұрғын үй құрылысының соңғы нормалары мен стандарттарына сәйкес жасалды.
Сізге арналған жоба
FAMILY COMFORT – бұл өзіңмен және қаламен үйлесе өмір сүрудің ақылға қонымды теңгерімі. Себебі, тыныштықта қала отырып, мегаполистен ажырамау – бүгінде сәттілікпен пара-пар.